Таразда 841 балаға көмек көрсетілді

0 1

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен биылғы жылы «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өткізіліп отырған «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовта өз үлесін қосты. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды.

Жалпы Тараз қаласы бойынша 841 әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы жанұя балаларына  мектепке қажетті киім-кешек, оқушы құралдары, спорттық киімдер, аяқ киіммен көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 10231 бала аяқ киіммен қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.