Өткен жылы Жамбыл облысы әкімдігі мен «Severance-KZ» халықаралық медициналық қоғамдық қоры екі жақты меморандумға қол қойған болатын. Осыған орай, аймақта тұңғыш рет №1 Тараз қалалық ауруханасында «Severance-KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қорының көмегімен Синчон Северанс (Оңтүстік Корея) клиникасының реконструкциялық хирургия бойынша мамандары Пак Кван Кю және Лим Суха тізе буындарын эндопротездеу операциясын жасады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, осы күні травматологиялық және ортопедиялық көмекті қажет ететін ондаған науқасқа кеңес беріліп, мұндай көмекті қажет ететін 4 науқасқа жоғары мамандандырылған ота жасалды. Науқастардың дені 60-80 жас аралығындағылар.
Шеберлік сабағына облыстан 20 маман қатысып, арнайы сертификат берілді. Енді мұндай операция шалғай аудандарда да жасалуы мүмкін. Аурудың бұл түрі егде тартқан адамдар арасында жиі кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, облыста әрбір бесінші адам осы ауруға шалдыққан. Кальций жетіспеушілігі, артық салмақ тізе буындарының мұжылуына әкеп соғады. Сондай науқастың бірі – Нелля Ивасик. Зейнеткер 10 жыл бойы тізе ауруының азабын тартып келген. Шеберлік сабағы туралы естігенде ол: «Бірден келісе кеттім», – дейді.
– Аяғым мазалайтын. Соңғы кездері өздігімнен жүріп тұрудан қалдым. Дәрігерлерге сеніп, осындай тәуекелге бардым. Қазір жағдайым жақсы. Мамандар жақын арада «жүріп кетесің» деп отыр. Оңтүстіккореялық профессордың қатысуымен өткен шеберлік сабағы 3 күнге жалғасты. Осы уақыт аралығында 5 науқасқа операция жасалып, барлығы сәтті аяқталды. Жоғары технологиялық операцияның ерекшелігі, екі сүйектің біріккен жеріндегі буынның орнына «титан» материал салынады, – қала тұрғыны Нелля Ивасик.
Сүйектің шеміршектері кесіліп алынып тасталып, оның орнына титанды қыстырмалы ішпек орнатылады. Титанды қыстырма тізе буындарын қозғауға және өз бетінше жүріп-тұруға мүмкіндік туғызады. Оңтүстік Кореяда мұндай отаның құны шамамен 3 000 АҚШ долларын құрайды, — деді реконструкциялық хирургия маманы Пак Кван Кю.
— Бұрындары сырқаттар мұндай күрделі ота жасату үшін Алматы мен Астанаға баруға мәжбүр болатын, — деп түсіндірді №1 қалалық ауруханасыңың бас дәрігері Нұрлан Әбілдаев. Енді Кореялық әріптестердің көмегімен тізе буындарын эндопротездеуді өзіміздің ауруханада жасайтын боламыз. Ол үшін қажетті халықаралық стандарттарға сай келетін құрал-саймандардың барлығы алынды. Үш дәрігеріміз өткен жылы Израйльде біліктіліктерін арттырып келді. Шеберлік сыныбы барысында жасалған оталар сәтті аяқталды. Енді 15 күнде олар үйлеріне шығарылып, әрі қарай емін тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханада жалғастыратын болады.
3 күн бойы өткен шеберлік сыныбына аудандардан 10 хирург дәрігер және Тараз қалалық №1 ауруханасының 10 травматологы қатысты және оларға арнайы сертификаттар берілді.