Жамбыл облысының агроөнеркәсібін дамытуға 18,5 млрд. теңге бөлінді

0 9

Жамбыл облысының агроөнеркәсібін дамытуға 18,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызмет» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Баспасөз мәслихаты барысында басқарма басшысы ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ағымдағы жылдың 8 айына жоспарланған 11,5 млрд. теңге игерілді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі – 11 687,1 млн. теңгені құрайды. Сол сияқты, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 3 296,6 млн. теңге инвестиция салынып, 89,2 пайызды құрады. Жыл басынан бері салада – 74 479,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі – 103,8% құрады. Оның ішінде егін шаруашылығында – 13 242,8 млн. теңгенің (НКИ — 106,1%), мал шаруашылығында – 61 073,2 млн. теңгенің (НКИ — 103,4%) өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, ет өндірісі – 4,0%-ға, сүт өндірісі – 3,0%-ға жұмыртқа өндірісі – 1,3%-ға артты.

Бүгінгі күні 2018 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары 668,5 мың гектарға орналастырылуда.

Қант қызылшасына келер болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігімен жасалған Меморандумға сәйкес, биылғы жылы 6 500 гектарға отырғызу жоспарланған. Есеп бойынша қант қызылшасы дақылы нақты 8 416,5 гектарға орналастырылып, белгіленген жоспардан 1 916,5 гектарға арттырылды.

Сондай-ақ, биылғы жылы егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 800,0 млн. теңге қарастырылып 18,2 мың тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы 116,0 мың алқаптарына ендіру жоспарланған.

Ағымдағы жылы егін ору науқан жұмыстарына 782 бірлік астық ору комбайн және 102-механикаландырылған қырман, 179 жүк таразылары, 2840 бірлігі жүк авткөліктері тағы да басқа техникалар жұмылдырылған.

Айта кетейік, бүгінгі күні облысқа күзгі дала жұмыстарына 16200 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.