Жамбылда Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

0 52

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Кеште Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали модераторлық етті.

Жүздесуге арнайы қонақ ретінде шақырылған Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов сондай-ақ, суретші, журналист, Қастеев музейінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Нұразханов келді. Сонымен бірге, еңбек ардагерлері, жазушы-драматург Елен Әлімжан, Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Басқосуда ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Нұразханов жастарға үлгі-өнеге боларлық қаһарманның игі істері туралы естеліктер айтты.

Еркін Нұразханов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, суретші, журналист, Қастеев музейінің директоры:

— Бүгін Халық қаһарманының 100 жылдығына арналған әдеби кештің Жамбыл төрінде өтіп жатқанына қуаныштымын. Осындай игі іс-шараны ұйымдастырып отырған Берік Құрманғалиға ризашылығымды білдіргім келеді. Қасым Қайсенов 80-ге келгенде Халық қаһарманы атағын алған болатын. Сол тұста Қасекең егер осы атақта өмірден өткен тұлғаға беретін болса, мен ойланбастан Бауыржан Момышұлын айтар едім, ал өмірде бар азаматқа келер болсақ, Талғат Бигельдиновты ұсынар едім деген еді. 

Кеш барысында студенттер Қасым Қайсеновтың қаламынан туған көркем шығармалардан өлең жолдарын оқып, соғыс туралы көріністер көрсетті. Сонымен бірге, бұл кеште Қасым Қайсеновтың шығармашылығы, даңқты тұлғаның майдан шебі мен бейбіт өмірге қосқан ерен еңбегі туралы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.