Ертең елімізде жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді

0 1

Синоптиктер дүйсенбі, 10 қыркүйекте елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырмен бірге найзағай болады. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта, шығыста тұман күтіледі.

«Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстанда күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жел, шаңды дауыл соғады. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді», — деді мамандар.

Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ, метеорологтар қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Мамандардың мәліметінше, 11-12 қыркүйек түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 12 қыркүйек түнде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 1-3 градус үсік күтіледі.

Астанада 11 қыркүйек түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), 3 градус үсік жүреді. 10 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай күтіледі. Астанада 10 қыркүйекте найзағай, таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.