Сочиде өткен «Новая волна-2018» бауқауында Димаш Құдайбергенов ыңғайсыз жағдайға тап болды. Әнші сахнада өнер көрсетуге шыққанда, 20 секунд бойы оның микрофоны қосылмай қалған.
⠀
Димаш Құдайбергенов техникалық ақауларға қарамастан, халық алдында өзін байыпты ұстап, ән айтуын жалғастыра берді.
⠀
Алайда сахнадағы кедергілер мұнымен біткен жоқ. Димаштың жанкүйерлері бұл олқылықты әншінің өнеріне сын таққысы келгендердің әрекеті деп бағалады.
⠀
Димаш әнін аяқтаған соң, әдеттегідей халықтың зор қошеметіне бөленді. Оған жанталаса жүгірген қыздарға қарап, кеш жүргізушілері таңданысын жасыра алмады. Тіпті сыйға тарқан гүлдерді қалай алып кететінін ойлап, бас қатырды.
⠀
Қазақ әншісінің өнеріне табынушылар Димашқа дейін сахнаға шыққан жұлдыздарды микрофонды өшіріп, фонограммамен ән шырқаған деп отыр.
⠀
«Ұйымдастырушылар ұятқа қалды. Сонда да сен жарадың, Димаш! Дауысың өте керемет! Сені жақсы көріп, мақтан етеміз!», «Ол ән айтып жатқанда ұйымдастырушылар бір-бірімен сөйлесіп жатты. Өте ұят болды, бұл — әншіні сыйламау деген сөз», — деп пікір қалдырған YouTube и Instagram желісінің қолданушылары.
Дереккөз: NUR.KZ