Атап айтсақ, Тараз қаласы Асқаров тұрғын үй алқабында құны 70 млн теңге болатын заманауи қазандық жүйесі биылғы жылыту маусымында іске қосылады. Көгілдір отынмен жұмыс істейтін қондырғы Германия елінде жасалғандықтан бұрынғыға қарағанда отынды әлде қайда үнемді жұмсайды.
Тура осындай құны 63 млн теңгені құрайтын тағы бір қазандық Байзақ ауданы Үлгілі орта мектебінеде орнатылған. Мамандардың айтуынша алдағы уақытта облыстағы бірқатар аудандарда осындай жобалар қолға алынады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Болашақта 2018-2025 жылдары газдандырылатыны 173 елді мекен, немесе 94 пайызға жетеді. Магистралдық газ құбырынан 50-100 шақырым алшақ орналасқан және халық саны аз, экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан қалған 23 елді мекен газдандырылмаған.
2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекентауарлық газ тұтынған болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына 181-ді құрады. Демек, соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.
2018-2025 жылдарға 173 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. (Оның ішінде Байзақ ауданында 21 е.м., Жамбыл ауданында 16 е.м., Жуалы ауданында 19 е.м., Қордай ауданында 29 е.м., Меркі ауданында 6 е.м., Мойынқұм ауданында 12 е.м., Сарысу ауданында 18 е.м., Талас ауданында 14 е.м., Т.Рысқұлов ауданында 20 е.м. және Шу ауданында 18 елді мекен газдандырылады.)
2017 жылы облыстық бюджеттен 525 млн. теңге бөлініп, сегіз жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Оның ішінде алты ауданның 84 елді мекенін газдандыру (Байзақ ауданының 21 елді мекені, Жамбыл ауданының 13 елді мекені, Шу ауданының 18 елді мекені, Талас ауданының 3 елді мекені, Сарысу ауданының 14 елді мекені, Жуалы ауданының 15 елді мекені) және Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АГРС-1 мен АГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған.
Бұл жобалар құрылыс жұмысымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 265-ті құрап, 70 пайыз деңгейіне көтеріледі.
Газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетитка министрлігіне елді мекендерге газ келтіретін құбыр құрылысына 43 524 млн. теңге құрайтын 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім берілді. Оның ішінде құрылысын 2019 жылы бастау үшін жалпы құны 25 359 млн. теңге, ұзындығы 651 шақырым құрайтын 8 жобаға өтінім беріліп, 5 700 млн. теңгеге қолдау тапты.
Кешенді газдандыру жоспарымен қаралған, газдандырылған елді мекен ішінде орталықтандырылған газ құбырына қосылмай қалған үйлерді төмен бағамен қосу бағытында жұмыстар атқарылуда. «Жамбыл-жылу» мен «Теміржол-жылу» кәсіпорындарының мамандары 82 756 теңгеге жеке үйлерге газ кіргізіп жатыр. Қазіргі таңда орталықтандырылған газ торабына қосылғаны 200 тұрғын. Бұл жерде жұмысты тежеп отырған проблема бар. Көп үйлердің негізгі құжаты (паспорты) алынбаған. Үй иелерінің құжаттарын ресімдеуі жұмысты тежеп, баяу жүріп жатыр. Бұл тұрғыда ауылдық округ әкімдеріне түсіндірме жұмысы жүргізіліп, аудан әкімдеріне нақты тапсырма берілді.