Ертең Жамбыл облысында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, журналист Зейнеп Ахметовамен кездесу өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Батыр Бәукеңнің ерлігін, парасатын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, қазақтың қыз-келіншектерін ұлттық тәрбиемен сусындатып, рухани нәр беріп жүрген абзал жан жамбылдық жұртшылықпен үш күн қатарынан кездесу өткізіп, дәстүр мен тәрбие, рухани құндылықтар туралы кеңінен әңгімелеп береді.
Ең әуелі 11 қыркүйек сағат 17:00-де «Баласағұн» ОКЗ-да «Аманат арқалаған жан» тақырыбында жалпы облыс жұртшылығымен кездесуі өтеді.
12 қыркүйек сағат 10:00-да Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен, сағат 15:00 де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жастарымен кездеседі.
13 қыркүйек сағат 10:30-да батыр Бәукеңнің туған өлкесі Жуалы ауданының жұртшылығымен Б.Момышұлы ауылының мәдениет үйінде жүздеседі.
Аталған шараларға қатысамын деушілер үшін есік ашық!