Бүгін Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов пен қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев Қазақстанның демографиясына қосқан үлестері үшін көп балалы аналарға 5 алтын алқа, 27 күміс алқаны табыс етті. Сонымен қатар, алғысын білдіріп, иықтарына ақ орамал жапты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.