Жамбыл облысында 39 нысан пайдалануға тапсырылды. 51 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев баяндады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Жалпы, облыстағы құрылыс саласы бойынша 107 нысанның құрылысына 27 259,6 млн.теңге бөлінген.
Атап айтсақ, білім саласында ағымдағы жылы 15 нысанның құрылысына республикалық пен облыстық бюджет есебінен – 4 169,1 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні 9 нысан пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 1 нысанға байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Ал қалған соғылып жатқан ғимараттар келер жылы ел игілігіне берілмек. Өңірде ірі онкологиялық орталық бой көтеруде, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 2019 жылы аяқталады деп көзделген. Сонымен қатар, есептік кезеңде 3 нысан пайдалануға берілсе, тағы 6 медициналық мекеме салынуда. Елді мекендерді ауыз сумен қамтуға биыл 8 млрд 295 мың теңге қарастырылып, оған 19 ауыл ауызсуға қол жеткізбек. Байзақ ауданында 3 ауыл таза су ішіп отырса, жыл соңына дейін 8 елді мекенге орталықтандырылған жүйеге қосылмақ.
Денсаулық саласы бойынша ағымдағы жылы 10 нысанының құрылысына жергілікті бюджеттен – 673,1 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда 3 нысан пайдалануға тапсырылды. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 19 нысан құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен – 8 295,8 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 3 нысан пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы 20 нысанға республикалық пен облыстық бюджет есебінен – 7 220,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда 10 нысан пайдалануға тапсырылды. Қалған 10 нысан жылдың соңына дейін берілетін болады.
Инженерлік жүйемен қамтамасыз етуге 2018 жылға 31 нысанның құрылысына республикалық пен облыстық бюджет есебінен – 5 008,8 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 7 нысан пайдалануға берілген. 22 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады.
Спорт саласы бойынша ағымдағы жылы 7 нысан құрылысына облыстық бюджеттен 1 620,3 млн.теңге бөлінді. Осыдан 6 нысан пайдалануға беріліп, қалған 1 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады.
Бүгін таңда Жамбыл облысында жеке меншік нысандағы 29 тасымалдаушы мекеме, 202 бағыт бойынша 1324 дана автобуспен қызмет көрсетуде.
Ағымдағы жылы тасымалдаушылар 25 дана табиға газ отынына бейімделетін автобустарды жеке қаражаттарына сатып алды («ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС – 5 дана, «№1 Тараз автобус паркі» – 20 дана). Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 40 дана автобус сатып алу көзделіп отыр.