Жамбыл облысында 7 ай ішінде депозиттер мен несиелер көлемі ұлғайды

0 3

Жамбыл облысында 7 ай ішінде депозиттер мен несиелер көлемі ұлғайған. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облысындағы филиалында өткен брифингте филиал директоры Евгений Шарыгин айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Агенттігі.

Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды.

Жаңартылған болжамдарға сәйкес, Ұлттық Банк инфляцияның төмендеу қарқынының баяулау тәуекелдерін көріп отыр, яғни инфляция баяулайды. Еліміз бойынша тамыз айында жылдық инфляция 6,0% деңгейінде қалыптасты, 2018 жылдың соңындағы нысаналы 5-7% кезінде, Жамбыл облысы бойынша 5,6% болып қалыптасты.

Еліміздегі инфляциялық күтулердің ұзақ мерзімді төмендеу беталысы байқалады. Соңғы тамыз айындағы бағалау қорытындылары бойынша олардың сандық мәні 5,9%-дық деңгейде қалыптасқан. Инфляцияны қабылдау жақсаруда. «Соңғы 12 айда тауарлар мен қызметтердің бағасы бұрынғыға қарағанда жылдамырақ өсті» деп санайтын респонденттердің үлесі ағымдағы жыл басындағы 52,1%-бен салыстырғанда шілдеде 41,3%-ға дейін қысқаруын жалғастырды.

ЖО валюта нарығындағы жағдайға келтін болсақ, ағымдағы  жылдың  6 қыркүйектегі жағдайы бойынша облыста 11 банк филиалдарының, 27 уәкілетті ұйымның және «Казпошта» АҚ 107 айырбастау пункті қызмет етеді.

Айта кетейік, ҚРҰБ Жамбыл филиалы аймақтағы валюта нарығындағы жағдайды үнемі қадағалап отырады. Жамбыл облысының депозит нарығында дедолларсыздану үрдісі жалғасуда. 2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Жамбыл облысының екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы депозиттердің жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 17,4%-ға немесе 20 млрд. теңгеге асып түсіп, 135 млрд. теңгені құрады.

Еліміз бойынша қаңтар-шілдеде жаңа несиелерді беру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға немесе 1,6 трлн. теңгеге көбейді.

Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен берілген несиелердің көлемі 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,9%-ға өсіп, 101,9 млрд. теңгені құрады. Несиенің негізгі бөлігі (99,97%) ұлттық валютада берілген. Жеке тұлғаларға несие беру 30,2%-ға көбейді және 79,5 млрд. теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.