«Саналы тəрбие-болашақ кепілі»: Зейнеп Ахметова студенттермен кездесті

0 5

Бүгін қазақтың даңқты батыры, қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова   Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Саналы тәрбие-болашақ кепілі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды “ZhambylNews”Ақпараттық Агенттігі.

Жазушы университет жастарына ұлт пен ұрпақ тәрбиесі жайлы ой қозғап,  батыр Баукең туралы көкейіне түйген өнегелі сөздерін жастарға жеткізді.

— Бүкіл халық, ел-жұрт атаны аялайды, жақсы көреді. Қазірдің өзінде сағынады. «Әттең, Баукең болғанда ғой!»- деген сөздерді де жиі естіп жатамын. Ата иісі қазаққа ортақ. Алты алаштың ардақтысы болған адам, — деді Зейнеп Ахметова.

Айта кетейік, үш күнге жоспарланған кездесу түстен кейін Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университетінде жалғасады. Сондай-ақ, ертең батырдың туған жері Жуалыда аудан жұртшылығымен кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.