Бірнеше облыста үсік жүріп, дауыл тұрады

0 0

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарын үсік жүретіні туралы ескертті, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

14 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде үсік жүріп, ауа температураы 2 градусқа дейін төмендейді, сонымен қатар Талдықорғанда түнде ауа температурасы 1-3 градус болады.

Ертең Шығыс Қазақстан облысында түнде үсік жүріп, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.

Қостанай облысында 14 қыркүйекте батыстан қатты жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, таңғы және күндізгі уақытта найғазай ойнайды.  Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай тұрып, оңтүстік-батыстан соққан желдің  күші секундына 15-20 метр болады, кей жерлерде секундына 23-28 метр болуы мүмкін. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай тұрады және желдің күші секундына 25 метр болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.