18-20 қыркүйек күндері антициклон орнына атмосфералық фронттар ауысып келеді, -деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың көптеген облыстарында ауа райын анықтайтын антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжи бастады. Оның орнына Ресейдің Еуропа бөлігінен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың жүйесі ауысып келеді.
Найзағай және екпінді жел, жаңбыр батыс аудандарда күтіледі, циклондар мен фронттар шығыс бағытта жылып, жаңбыр Қазақстанның басқа өңірлерінде де жауады деп күтілуде. Шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы көтеріледі. Қалған аумақтарда да алдағы үш тәулікте жылы болады, тек батыста ауа температурасының төмендеуі күтіледі.