Күзгі саяхатқа арналған ТМД-ның үздік 10 қаласының қатарына Алматы мен Астана енді. Рейтингті «ТурСтат» сараптама агенттігі түзді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей туристерінің арасында танымал 10 қаланың ішіне Минск, Астана, Баку, Ереван, Ташкент, Алматы, Бішкек, Кишинев, Душанбе және Ашхабад енді.
Агенттіктің мәліметінше, туристер Қазақстанда орта есеппен 2,5 күн болады және тәулігіне 80 доллар жұмсайды.
Рейтинг 2018 жылдың күзіндегі турсапарды сараптау нәтижесінде түзілді.