Өткен жылы облыстың 19 531 тұрғыны емхананы таңдау құқығын пайдаланды

0 1

Өткен жылы облыстың 19 531 тұрғыны емхананы таңдау құқығын пайдаланды. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерция емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаеваның қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлер 15 қыркүйектен бастап облыс тұрғындарын емханаға тіркеу науқаны басталғаны туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.  Қыркүйектің 15-інде Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі компания 15-қарашада аяқталады. Былтырғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық азамат емтиханды таңдау құқығын пайдаланған болатын.

— Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп. Тіркеу кампаниясына деген қызығушылықтың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді. Өткен тіркеу компаниясында Жамбыл облысы бойынша 19 531 адам емханады таңдау құқығын пайдаланды. Отбасылық қызмет көрсету принципін және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін іске асыру үшін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан емханаға тіркелуді ұсынамыз. Бұл медицина ұйымдарының мамандарына өз пациенттерінің денсаулығын тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда олардың үйлеріне барып қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, жедел жәрдем жүйесінде жасалған соңғы реформаларды ескерсек мұның маңызы арта түспек. Себебі, бұдан былай 4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді, — деді Мавлюда Бокаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.