Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемінде 20 жоба іске асырылуда

0 8

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі жалпы жобалардың 6,2%-н құрайды және қазіргі уақытта 20 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ өткен брифингте облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Берік Уәлиұлы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, бүгінде өңірде саясаткер әйелдер клубы, отбасы институты, тегін заңгерлік қызмет көрсету, сотсыз дау-дамайды шешу институты (Медиация), этникалық қазақтарды қоғамға интеграциялау, жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және т.б. қызметтер атқарылуда.

Ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар, Азаматтық форумдағы ұсыныстарды, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын жандандыру және ілгерлету жұмыстарын да жүргізеді. Әділет органдарының мәліметі бойынша облыста 753 коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) тіркелген. Олардың 60,0% облыс орталығында, 40,0% аудандарда шоғырланған. Облыстың ҮЕҰ-дың 200-ден астамы қоғамдық өмірге белсенді қатысуда, олардың 100-ге жуығының негізгі қызметі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталған.

Айта кетейік, облыста азаматтық қоғам мен билік арасындағы өзара сенім байланысы орныққан. Өңірде 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Сондықтан, ұлтаралық қатынасты дамытуға үлкен мән берілуде. Осы мақсатта басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облыстық жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен «J-RECEPTION» интернет қабылдау сайты жұмыс істеуде.

Ал, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» жобасы аясында облыстық, Тараз қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестері жұмыстарының ашықтығын көрсету мақсатында Q-KENES.KZ сайты жұмысын бастады. Келесі жылы да осы сайттарды өзектендіру және ілгерлету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.