Таразда «Road Show» атты көшпелі көрме өтеді

0 0

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні сағат 10.00-16.00 аралығында «SMALL» сауда орталығында (Тәуке хан көшесі, № 1 «Д») Сыр елі тауарөндірушілерінің «Road Show» атты көшпелі көрмесі өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Көрмеде Қызылорда облысында өндірілетін күріш, сүт, ет, балық өнімдері, бақша дақылдары, консервіленген тамақ өнімдері және Сыр елі қолөнершілерінің бұйымдары таныстырылып, барлық өнімдер нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады.

Көрмеге барлығыңызды шақырамыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.