Жамбыл облысында 27 жасар Қордай ауданының тұрғыны ұсталып жалпы салмағы 92 кг «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» |Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 2-ші қазанында Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен «Көкнәр-2018» атты ауқымды жедел іздестіру іс шарасын жүргізілді.
Іздестіру шарасы барысында Шу – Қордай тас жолының бойындағы Көкқайнар ауылында орналасқан жылжымалы бекетті айналып өтпекші болған 53 жасар Қордай ауданының тұрғыны «Фольсваген вента» автокөлік жүргізушісі тоқтатылып, оның жолаушысы 27 жасар Қордай ауданыны тұрғыны ұсталып жалпы салмағы 92 кг «кептірілген марихуана» тәркіленген.
Күдкті азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша қамақта ұстау изоляторына қамаққа алынған.
Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 297 б. 3 б. бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүргізілуде.