Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 22 ауылы газбен қамтылған. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Көгілдір отыны жоқ 21 елді мекенге жаңа газ құбырын салу жұмыстарының ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жүзеге асырылған жағдайда осы елді мекендердің 2081 үйі газбен қамтамасыз етіледі. Мәселенің шешілуін күтпей 3 ауылдың тұрғындары бүгінгі күнге өз есебінен 184 үйге газ кіргізді. Тағы 3 ауылда дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан бойынша 22 газ жүйесі тартылған елді мекендерді аралау барысында газ жүйесіне қосылмаған 475 үй анықталды. «Жамбыл жылу» КММ-нің жауапты тұлғаларымен бірлесіп тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Газ жүргізу соммасы 25 метр аралықта 82 756 теңге, 25 метрден асқан жағдайда әр метрі 1 500 теңгеден жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге 15 үйге газ кіргізілді. Өңірді көріктендіру мен абаттандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Акциялар аясында 4 мыңнан аса ағаш отырғызылды. «Байзақ ауданының 80 жылдығына арналған» саябақ соғылуда.
Қазіргі таңда Орынқұлов көшесінде дыбысты бәсеңдеткіш экран (құны 8 млн. теңге) орнату, аллея салу (15 млн.) жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, аудандағы 43 елді мекеннің 16 ауыл ауыз сумен қамтылған болатын, биыл 4 ауылға су жүйесін жүргізуде. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы 6 ауылға (Сарыкемер, Байзақ, Талас, Қостөбе, Көктал Сеңкібай) (7,0 млрд.теңге) ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. 4 жоба мемлекеттік сараптамадан оң нәтижесі алынып, бюджеттік өтінімі ұсынылды. Қалған Сарыкемер,Бәйтерек ауылдары бойынша жобалық сарапатамасының нәтижесін күтудеміз. Мұндағы жалпы халық саны 36 мың адам. Құрылыстарға қаржы қарастырылған жағдайда ауыз су ауданның 26 елді мекені (45 499 адам) ауыз сумен қамтылып, халық саны бойынша 78 692 тұрғынға жетеді.
Айта кетейік, ауданның негізгі бағыты- егін және мал шаруашылығын дамыту. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде. Мәселен, үстіміздегі жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын 53400 гектарға орналастыру межеленіп, бүгінгі күнге 53406,5 гектар алқапқа дақылдар орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1683,2 гектарға немесе 3,3%-ға артып отыр. Ал мемлекеттік қолдауға қол жетімділікті, кеңінен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнге 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.