Таразда Сыр елі тауарөндірушілерінің көрмесі өтуде (ФОТО)

0 5

Дәл қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы «SMALL» сауда орталығында Қызылорда облысының әкімдігі бастаған Сыр елі тауарөндірушілерінің «Road Show» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылуда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған іс-шара сауда-экономикалық қарым-қатынас саласында Жамбыл мен Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері арасында іскерлік байланысты және ынтымақтастықты орнату мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, көшпелі көрмеге Қызылорда облысының әр түрлі саласы бойынша қызмет жасайтын 30-дан аса кәсіпкерлері тауарлары ұсынылуда.

Атап өтетін болсақ, көрмеде Қызылорда облысында өндірілетін күріш, сүт, ет, балық өнімдері, бақша дақылдары, консервіленген тамақ өнімдері және Сыр елі қолөнершілерінің бұйымдары таныстырылады.

Көрме барысында, барлық өнімдер нарық бағасынан төмен бағада ұсынылуда.

Бұл іс-шараны Қызылорда облысының әкімдігі тек Жамбыл облысында ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе облысы және Шымкент қаласында да өткізетінін атап өткен жөн.

Айта кетейік, көрме 16.00-ге дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.