Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 5 жылға созуға тапсырды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бағдараламаны жүзеге асыруға қосымша жылына 30 млрд теңге бөлу қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бюджетке 224 теңге көлеміндегі салық түрінде ақша түсіруге, халық тұтынатын өнімдерді өндіруге 3 трлн теңге алуға жол ашады», — деді Президент Ақордада өтіп жатқан жиында.