Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Үкімет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Жалпы Ішкі жалпы өнім, инфляция, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер өздігінен-ақ цифрлар. Бұл цифрларға қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін қол жеткіземіз. Барлық әкімдер мен министрлерге мұны барлық уақытта есте сақтап, бастарында ұстауларын өтінемін», — деді Елбасы.
Мемлекет басшысы дәл осы параметрлермен барлық деңгейдегі бүкіл басшылардың қызметтеріне сәйкестігінің дербес жауапкершілігі бағаланатындығын баса айтты.
«Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірінші кезекте тұрақты табыс пен сапалы өмірлеріне байланысты. Адамның өзі еңбексүйгіш болған кезде табысы да арта түседі. Мен мұны үнемі айтып келемін», — деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің айтуынша, адамға жұмыс орнын ұсыну емес, біліктілік мәселе болып отыр. Біліктілік болмаса онда экономикамыздың түрлі салаларында мамандық та болмайды.