Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын

0 0

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауында қазақстандық шенеуіктерді сынға алды. Елбасы олардың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізген. Егер бұлай жалғаса берсе, президент отандық шенділердің орнына шетелдіктерді жалдайтынын қадап айтты, — деп хабарлайдыZhambylNews Ақпараттық Агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда Зенченко шаруашылығы барлығын өсіріп шығарады. Солтүстік Қазақстанда! Оларда қажетті көкөністер: картоп, сарымсақ, қызанақ және тағы да басқалары. Бізде жер де, мамандар да жеткілікті. Қолға алайық! — деді мемлекет басшысы.

Оған қоса, президент елімізде көпті көргендерді ауыл шаруашылығы саласына тарту тәжірибесін қолға алу керек екенін айтты.

— Сингапур кезінде зейнетке кетіп қалған жапондықтарды басшылық қызметке тағайындау үшін бүкіл әлем бойынша іздеді. Ал бізде? Air Astana-ны ағылшын, Назарбаев университетін жапон азаматы басқарып отыр.Егер жөнді жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелден адам аламын, — деді айтты Назарбаев.

Елбасы тәжірибені интернеттен-ақ қарап, болмаса гетелдік мамандарды мастер-класстарға шақыртып алуға болатынын жеткізді.

— Қандай қиындық туындауда? Шақырыңдар да, төлеңдер. Жаппай білім алу жүйесін құруымыз керек. Алдағы үш жылға үкіметке осы мақсаттарға қол жету үшін және ғылым саласына қосымша 100 млрд теңгені қарастыруды тапсырамын, — деді Президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.