Үкімет те, әкімдер де жұмыс істемейді – Назарбаев тұрғын үй құрылысын сынға алды

0 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жүзеге асып жатқан тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын сынға алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жас отбасыларға арналған бір бөлмелі пәтер қанша сұрады? Арзандатылған, Асқар (Асқар Мамин-премьер-министрдің бірінші орынбасары-авт) 50 шаршы метрлік пәтер», — деп сұрады Нұрсұлтан Назарбаев.

Асқар Мамин бұндай пәтердің 7 миллион теңге тұратынын айтты.

«Сонда 7 миллионның 20 пайызы – 1 млн 400 мың теңгемен адам ала алады ғой? 25 жылға? … Жұмыс істемейміз. Үкімет жұмыс істемейді, Бақытжан (премьер-министр Сағынтаев-авт). Әкімдер жұмыс істемейді. Әкімдер, адамдардың өмірін жақсарту үшін сендерге не керек? Не керек? Бәрін бердік», — деді Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент өз сөзінде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының жұмыс істемей жатқанын сынға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.