Қазан Жолдауы. Президент үшауысымды мектеп мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

0 14

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Жолдауында елдегі үшауысымды мектеп мәселесін шешуді тапсырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы күні бүгінге дейін елімізде мектеп тапшылығы бар екенін де айтты.

«Мектеп тапшылығы, үш ауысымды мектеп әлі де бар. Сондықтан, 2019-2021 жылдары осы мақсаттарға тағы 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Әлгі масқаралы үшауысымды мектептер мәселесін шешу қажет», — деді Президент.

Назарбаев қазіргі уақытта 28 мектеп салу үшін қаражат бөлінгенін, алайда ол шағын жинақты мектептер екенін сынады.

«Қазақстанда 1360 мектеп жабылғанын білесіздер ме? Себебі, ол жақта халық тұрмайды, көшіп кеткен. Адамдар тұрмайтын жерде мектеп пен аурухана салудың не қажеті бар? Одан да сол адамдардың көшуіне қол ұшын созыңдар. Баспана мәселесін шешіп беріңдер», — деп тапсырды Елбасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.