Арнайы курстан өтпеген басшылар лауазымға тағайындалмайды — Жолдау

0 3

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшінің кәсібилігін арттыратын бағдарлама әзірлейтін болады. Мұндай тапсырманы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Ең бастысы — мемлекеттік аппараттың кәсібилігі. Ол жаңа уақыттың талабы бойынша өзгерістерге ұшырауы тиіс. Біріншіден, мемлекеттік органның тиімділігін түбегейлі арттыру қажет. Сапа — кез келген мемлекеттік қызметкердің өмірінің жаңа стиліне, қағидатына айналуы тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғамның арасындағы қашықтықты қысқартуы тиіс. Яғни, адамдарға жақын болу керек. Бұл — әрдайым кері байланыс, қызу талқылау, адамдарға нақты қадамдар мен нәтижелерді түсіндіру. Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, «Жаңа формацияның жетекшісі» бағдарламасын әзірлеуі керек, — деді Президент.

Елбасының айтуынша, басшылық қызметке келгендер үшін аталған бағдарлама бойынша арнайы курстар өткізілетін болады.

— Бұл курстардан өтпей лауазымға тағайындамау керек, — деді Президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.