Жамбыл облыстық филармониясына 50 жыл

0 3

Жамбыл облыстық филармониясы 50 жылдығын тойлады. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Баласағұн» ОКЗ-да өткен іс-шараға Мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызы, Қазақстан Республикасы Журналистер және жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Кененұлы және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевта қатысты.

Ең алдымен облыстық филармонияның «Ән қанатындағы Әулиеата» атты кітабы мен «Әуені әсем Әулиеата» атты CD музыкалық топтамасының тұсауы кесіліп, филармонияның 50 қызметкері мен әртістер құрамы «Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен», «облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының», «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметі кәсіптік одақ бірлестігінің», «Жамбыл облыстық филармониясының директорының» алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, шара «Әуені әсем Әулиеата» атты мерекелік гала концертпен жалғасты. Концерт «Жарты ғасыр – жалынды сәт» атты деректі фильм көрсетілімінен басталды.

Концерт барысында Кенен Әзірбаевтың оброзы сомдалып, дарынды композитордың «Құлақ» күйімен ашылды. Барша жиналған қауымды, филармония ұжымын облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Бақытжан Кененұлы, Жабал Ерғалиев құттықтады.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау хаты оқылды. Мерекелік гала концертте филармония әртістері өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Іс-шара соңында облыс әкімінің өнер ұжымына деген Ықылас гүлі тапсырылды. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.