Президент қол қусырып отыратын мемқызметшілерді сынады

0 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауы кезінде қол қусырып отыратын мемлекеттік қызметшілерді сынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өзімнің тәжірибемнен білемін. Бөлімде он адам отырса, соның ішінде үшеуі ғана баршасы үшін аянбай еңбек етеді. Қалғандары қол қусырып отырады. Сәйкесінше, тек жұмыс істей алатындарға барлығын жүктеп қояды. Осы үшеуі барлық есепті жасап, негізгі жұмыстарды атқарады», — деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Президент жұмысына салғырт қарайтындардың орнына нақты жұмыс істейтіндерді қалдыру керектігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.