Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді

0 8

Сәрсенбі, 10 қазан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырау, Қарағандыда және Өскемен қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырланады. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.