Облыста 162 мектеп инспекторлары жұмыс істейді

0 7

Облыста 162 мектеп инспекторлары жұмыс істейді.  Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Талғат Салқанұлының айтуынша, ағымдағы жылы облыстық прокуратураның, ішкі істер департаменті мен білім саласы қызметкерлерінің 675 өкілінен құрылған 82 мобильді топтардың ұйымдастыруымен 257 іс-шара өткізіліп, оған 65 623 оқушы қатысты.

Сондай-ақ, Тараз қаласындағы колледж студенттері арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жүргізу, бейресми белсенділермен кездесулер өткізу, оларды қоғамдық ортаға баулу, жеке профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында 7 мобильдік топ құрылып, ағымдағы жылы 92  іс-шара өткізіліп, оған 12706 колледж студенттері қамтылды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда облыс әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша мектеп инспекторлары қамқоршылық кеңестерінің алдында есеп беруде. Ал, бүгінгі күні облыста 162 мектеп инспекторлары жұмыс істейді.

Облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 4 қазандағы №580 бұйрығымен 10 қазан – 20 қараша аралығында облыстағы барлық білім беру ұйымдарында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы жарияланды.

Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығында облыстағы білім беру ұйымдарында төмендегідей іс-шаралар іске асырылады:

— Мектептерде «Мектептің қауіпсіздік командасын» құрып, оның жұмысын ілгерілету.

— «Құқықтық мәдениет – бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында сынып сағаттарын, кездесулер, шығарма байқауларын ұйымдастыру, сауалнамалар жүргізу.

— Мектеп психологтарының жұмысын күшейтуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

— Қазақ, орыс және әлемдік классик жазушыларының көркем шығармаларындағы қыз балаларының ұлттық киім үлгілерін, сондай-ақ ұлттық киім үлгілерін суреттейтін көркем мәтіндерді оқу бойынша мектепішілік және аудандық байқаулар ұйымдастыру.

— Білім беру ұйымдарында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында онкүндік ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.