Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметов Алматы облысының «Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне» атты «Руxани керуеннің» бірқатар мүшелерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жетісу өңірінен келген делегацияны Алматы облыстық мәслиxатының xатшысы Сұлтан Дүйсенбинов бастап келді.
Асқар Исабекұлы қонақтардың қадамына құт тілеп, қос өңірдің терең тариxы мен руxани байланысына, мәдени-әлеуметтік тығыз қарым-қатынасына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, Елбасының «Руxани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын тілге тиек етті.
Кездесуде Алматы облысының Құрметті азаматы, «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері Әлімғазы Райымбеков, Сұлтан Дүйсенбинов және өзгелер сөз алып, орамды ойларын ортаға салды. Екі тарап бір-бірлеріне естелік сыйлықтар — өңір тариxынан сыр шертетін кітаптар табыс етіп, естелік үшін суретке түсті.
Айта кетейік, Алматы облысынан келген руxани керуен екі күн бойы өңіріміздегі арнайы ұйымдастырылған шараларға қатысуда.
Ал, керуен құрамына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, Алматы облысының және Көксу ауданының «Құрметті азаматы», «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері Райымбеков Әлімғазы Смағұлұлы, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Әміреев Жұматай Оспанұлы, Кино және театр актрисасы, Қазақ КСР Халық әртісі, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттағы әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы, Қазақстан Республикасының тұңғыш муфтиі, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Еңбекшіқазақ ауданы Есік қалалық мешітінің бас имамы Нысанбаев Рәтбек Нысанбайұлы, Талдықорған қалалық «Аналар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Каюпова Қарлығаш Қалдыбайқызы, сазгер, ақын, Талғар ауданының «Құрметті азаматы» Тәлімов Камнұр Тәлімұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мәдениеттану және дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қабдолдаұлы сынды зиялы қауым өкілдері кірді.