Жамбыл облысында жасөспірімдер тарапынан 104 қылмыс тергелді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте облыстық Ішкі істер департаментінің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжанов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Облыстық ішкі істер департаментінің оперативті мәліметі бойынша 2018 жылдың 9 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан 104 қылмыстың тергеу жұмыстары аяқталып, 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 20 қылмыстық іске азайған. 104 қылмыстың 57-і Тараз қаласында тіркелсе, аудандарда 47 қылмыс тіркелген.
Атап айтсақ, 104 қылмыстың, 4-і денеге жарақат салу, 65-і ұрлық, 2-і алаяқтық, 9-ы тонау, 4-і қарақшылық, 5-і бопсалаушылық, 3-і атвокөлік тонау, 4-і бұзақылық, 8-і басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылық жасаған фактісі ретінде тіркелген.
Дегенмен, оның ішінде мектеп оқушыларымен 54 қылмыс жасалып, ол өткен жылғыдай 54 факті болып тұр, колледж білімгерлерімен 44 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 фактіге өскен. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 121.
Сондай-ақ, мектеп, колледж әкімшіліктерінің ықпалымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабы, яғни ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін 41 ата-ана жауапкершілікке тартылған. 130 ата-ана Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-1 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 442-2 бабы (балаларының түнгі уақытта, сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 3688 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132 бабы, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 80 қоғамдық орындардың әкімшілеріне хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылған. Аталған Кодекстің 133 бабына сәйкес, 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі және темекі бұйымдарын сатқаны үшін 37 әкімшіге хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылған.