Таразда «Тіл шебері – 2018» облыстық полиглоттар байқауы өтті

0 10

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру және үштілділікті насихаттау мақсатында облыстағы полиглот жастар арасында «Тіл шебері – 2018» байқауын өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауға жоғары және арнаулы орта оқу орындарының 21-35 жас аралығындағы полиглот жастардан құралған командалар қатысты. Командалар «Тұсаукесер», «Ұлттаным» және «Өнертаным» кезеңдерінде өз білімдерін сынады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжінің «Алғырлар» тобы, ІІ орынды Жамбыл политехникалық колледжінің «Циклон» тобы, ІІІ орынды Тараз мемлекеттік университетінің «Жас Learners» тобы иеленді.

Ал, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Абай» тобына, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Жібек жолы» жастары» тобына, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «TARSU KZ» тобына облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды

Leave A Reply

Your email address will not be published.