Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде Қамқоршылық күні мерекесі аясында «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау» орталығы ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Бұл іс-шара жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету, қоғамдағы отбасы тәрбиесінің құндылықтарын қалыптастыру мен қабылдаушы отбасын көбейту мақсатында жан жылуын сыйлайтын жандардың ерекше мерекесіне айналды.
Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов және облыс әкімдігінің мемлекеттік органдарының мамандары, аудандық қалалық білім бөлімдерінің қамқоршылық және қорғаншылық мамандары, ҮЕҰ және демеушілер қатысты.
«Мейірімді жүрек» атты мереке іс-шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, күздік сән үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар, Талғат Салқанұлы балаларды құттықтап, тәрбиешілерге алғыс білдірді.