Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-ы 13-17 жас аралығындағы балалар үшін «Көшбасшы жолы» мектеп турын ұйымдастыруда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Мектеп туры барысында облыстан 72 оқушы және 8 топ жетекшілері Астана қаласына жол жүрді.
Бағдарламаға сәйкес, оқушылар 2 күнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейін, Назарбаев Университетін, Н.Назарбаев орталығын, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасын және музейін аралайды. Оқушылар турдың соңында Елордадағы саяхатының әсері туралы эссе жазады.