Қала әкімі үздіктерді марапаттады (ФОТО)
Бүгін қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігі мен «Jambyl-Taraz» газетінің ұйытқы болуымен қала күніне орай ұйымдастырылған байқаудың марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегі мен 24 қазан аралығында өткен байқауда қатысушылар «Менің киелі Таразым!» жас суретшілер, «Таразым-тұмарым» әлеуметтік желіде «Jambyl-Taraz» газетімен суретке түсіп жариялау және «Тараздың құпия сырлары» атты эссе жазу бойынша сайысқа түсті.
Жарыстың нәтижесінде, жас суретшілерден 146 сурет салынған, әлеуметтік желіде 20 фото жарияланған, сондай-ақ, 15-тен астам эссе келіп түскен.
Марапаттау рәсімінде қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, «Zhambyl Taraz» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Ваймер және қатысушылар мен қонақтар болды.
Сонымен қатар, шара барысында қала әкімі қатысушыларды жеңісімен құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Байқау қорытындысы бойынша, фото байқауынан Айдана Рахманбердиева, эссе жазудан Назерке Исырайлова, сурет салудан Қалбүбі Жетібаева жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал «Менің киелі Таразым!» жас суретшілер байқауына ұсынылған ерекше жұмыстар «Дарынды бала», «Алтын қалам», «Өнерлі бала» сынды номинациялармен марапатталды.