Жуалы ауданында 15 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

0 3

Жуалы ауданында 49 елді мекеннің 15-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жуалы ауданы әкімі Бақтияр Көпбосынов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде ауданда су жүйелеріне ЖСҚ әзірленген Шақпақата, Көлтоған, Қошқарата ауылдарының жобаларының сараптама  қорытындылары алынып, республикалық бюджеттен 2019 жылға қаржы сұрату жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 12,3 шақырым және ауылішілік 13,1 шақырым автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді.

Сонымен бірге, аудандық жергілікті салықтарының жоспары 939 190,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 055 256,0 мың теңге, орындалуы 112,4 пайызды көрсетіп отыр. Аудан бюджетінің орындалуы кіріс бөлігі бойынша жоспарланған 7 239 674,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 7 334 3744,3  мың теңгені құрап, 101,3% орындалды. Ал аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша жоспардағы 7 400 046,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны  7 374 750,4  мың теңгені құрап, нәтижесінде, 99,7%-ға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.