Жамбыл облысында ТЖД қызметкерлерінің атқаруымен «Алматы-Ташкент-Термез», «Күйік» асуы автожол учаскесінде «Қыс 2018» республикалық командалық-штабтың шеңберінде арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, құлақтандыру және байланыс, шұғыл кезекшіліктің ұйымдастырылуы, диспетчерлік және болжамдау қызметтерінің жұмысы, құрылған материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қордың дайындығы тексерілді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар туындаған орыннан халықты қауіпсіз ауданға көшіру мәселелері, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралары жүргізілді.
Сонымен қатар, автожолдың қауіпті учаскесінің қозғалысын уақтылы жабу, зардап шеккендерді құтқару, оларға психологиялық және медициналық көмек көрсету, жылыту пунктеріне орналастыру, көлік құралдарын қауіпсіз орындарға көшіру сынды жаттығулар жан-жақты пысықталды.
Айта кетейік, оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық ТЖД қызметерлері, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалы, Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» Жамбыл облыстық филиалы және Ұлттық Ұланы №5513 әскери бөлімінің өкілдері қатысты.