Таразда үздік ұстаздар анықталды

0 8

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен №51 орта мектебінде жас мамандар арасында «Үлгілі ұстаз-2018!» атты қалалық байқауы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген, замануи ақпарттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, жан-жақты дамыған, жастар мен жасөспірімдер тәлімгері, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау болып табылады.

Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрлан Қанатов, Төле би атындағы №8 гимназиясы математика пәнінің мұғалімі, қазылар алқасы төрайымы С.Бейсенова, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-мониторинг секторының меңгерушісі Г.Еркебекова, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің психология бөлімінің әдіскері Э.Тортаева, №54 орта мектебінің бастауыш оқыту ісі жөніндегі орынбасары Р.Оразбай, №51 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Нурсеитова, қаладағы орта мектептердің ұстаздары мен жас мамандар, барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Қалалық байқауда І кезең бойынша үміткерлердің өзі туралы ақпаратты (анкета – өтінімі) және жеке портфолиосын тапсыру арқылы маманның біліктілік дәрежесін анықтаудан, ІІ кезеңде «Таныстыру», «Білікті маман — Ел тірегі», «Өнерлінің өрісі кең», «Мамандығым-мақтанышым» атты сайыс бойынша бақтарын сынады.

Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған Мүбәрак Жинақбаева мен Нұрлан Қанатов үміткерлерге сәттілік тіледі.

Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Р.Әмірбекова (Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі), І орынды И.Иманкулова (Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі), ІІ орынды Е.Молдабай (Ш.Уалиханов атындағы №32 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі), ІІІ орынды И.Сарымамед оглы (А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі) орынды иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.