«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс Х есеп беру — сайлау конференциясы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Конференцияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл — ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер мен партия Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының есепті кезеңде атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші, төртінші мәселе бойынша партия Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімше басшысының міндетін атқарушы бөлімше басшысы лауазымына Бақытжан Райымбайұлы сайланып, Кеңес мүшелері бекітілді.
Конференцияға қатысқан Жастар ұйымдарының жетекшілері жастар арасындағы мәселелерді көтеріп, партия Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының есепті кезеңде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.