«Баласағұн» ОКЗ «Мақтанышым — Отаным» атты ән кеші өтті

0 1

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні «Баласағұн» орталық концерт залында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Әділет Әбдікерімовтың «Мақтанышым — Отаным» атты жеке ән кеші өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Кеш қонақтары ретінде Қазақстан эстрада жұлдыздары Индира Расылхан, Оңал Азаматова, Сәрсенбек Бәкір, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаевтар, сонымен қатар, «Нұршашу», «Сымбат» би ансамбльдері өнер көрсетті.

Саxнадағы әріптестері филармония әншісі Ерлан Ибаділдаев, Бақберген Сметовпен «Жамбыл триосы» ретінде ән айтып, жақсы жаңалығымен бөлісті.

Концерт барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың алғыс хатын басқарма басшысының орынбасары Зубайра Жарқынқызы арнайы келіп табыстады. Өнердегі әпкесі Назима Үсенова құттықтау тілегін айтты. «Мақтанышым-Отаным» атты әншінің ең алғашқы ән кеші көпшіліктің көңілінен шықты. Жиналған қауым әсем кештен алған әсерлерімен бөлісіп, Әділетке ақ батасын беріп, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.