Өңірде университет қызметкерлері мен студенттері «Ашық диктант» акциясына қатысты

0 0

Өңірде университет қызметкерлері мен студенттері «Ашық диктант» акциясына қатысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ағымдағы жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасы өтті.

Аталған шараға Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті атсалысып, белсенділік танытты. Университет бойынша ашық диктант жазуға 207 қызметкер мен 2793 студент ниет білдірді. Жалпы алғанда 3000 мың адам қатысты. Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін түсіндіру, тіл мәртебесін арттыру мақсатында диктант жазу университеттің жылсайынғы дәстүріне айналады деп сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.