Польшаның Свече қаласында Абай орталығы ашылады, ал Өскеменде Коперник ғылыми-білім беру орталығы пайда болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Altaynews— ке сілтеме жасап.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Польшада Абай ғылыми-білім беру орталығын, ал ШҚМУ-да Коперник ғылыми-білім беру орталығын ашу туралы келісімге қол қойды.
Енді ШҚМУ-да Коперник орталығы, Польшаның Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университете Абай орталығы пайда болады.
Келісімге Еуропалық одақ және Орталық Азия елдерінің университет ректорлары форумында қол қойылған.
Келісімнің мақсаты – ғылым, білім, мәдениет салаларындағы іс-шараларды іске асыру арқылы қазақ-поляк қарым-қатынасын дамыту.