Байзақ ауданында «Бала қауіпсіздігі –ұлт қауіпсіздігі» атты конференция өтті

0 36

Байзақ ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі мен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акциясы аясында өткен «Бала қауіпсіздігі –ұлт қауіпсіздігі» тақырыбындағы аудандық конференция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынды аудан әкімдігі білім бөлімнің әдіскері Индира Спаналиева ашып, балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау — ұлттық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, «Конвенция-балалық шақты қорғаудың кепілі» тақырыбында Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Сатылғанованың, «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында Бурыл орта мектебінің әлеуметтік педагогі М.Үшбаеваның және аудандық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы А.Қуанованың баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, балаларды зорлық -зомбылықтан сақтау, ата-ананың бала алдындағы міндеті төңірегінде пікірлер ортаға түсті. Аудандық прокуратураcының прокуроры Жұлдыз Қойкенова бала құқығын қорғау турасында, аудандық полиция бөлімі ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Әсем Амирханова зорлық-зомбылықтың түрлерін тарқатып айтып берді.

Айта кетейік, аудандық аурухана жанындағы “Жастар денсаулығы” орталығының жетекшісі Сәуле Бөлтірікова жас жеткіншектердің денсаулығын қорғау жайын сөз етті. Ал конференция соңы марапатқа ұласты.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.