Грузияда өткен президент сайлауында әйел адам — Саломе Зурабишвили жеңіске жетті., — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 365info.kz сайтына сілтеме жасап.
Би-би-сидің хабарлауынша, Зурабишвили Францияда дүниеге келген. Өзі дипломат әйел. Сайлауға «Грузиннің арманы» билік етуші партиясы атынан түскен. Ал бұл Мәскеу мен Батыс арасындағы қарым-қатынасты тең ұстап отыратын елге ыңғайлы партия.
Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60 процент дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 процент дауысқа иелік еткен.
Айта кетелік, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болған.