Пойыз билеттерін интернет арқылы сатып алу бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті

0 2

Пойыз билеттерін интернет арқылы сатып алу және брондау бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығының әзірлеген bilet.railways.kz интернет-порталының жаңартылған нұсқасында ресурсты пайдаланушылардың ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынып, теміржол билеттерін сату жөніндегі онлайн-сервисі жаңартылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сайтта қаріп өлшемі мен шегінісі қайта қаралып, вагонның цифрлық сызбасы өзгертілген, қолжетімді және қиын орындарды жеңіл ажырату үшін қолжетімсіз орындар айтарлықтай ашық етіп берілген. Қажетті пойыздар мен бағыттарды іздеу үшін ыңғайлы сүзгіден өткізу жүйесі енгізіліп отыр. Бұл ретте сайттың мобилдік нұсқасы жетілдірілген», — делінген хабарламада.

Және сайтта үш интерфейстің үш тілділігі сақталған: қазақ, орыс және ағылшын.

«Жаңа сайтта пойыздың жүру билетін арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта «күту парақшасы» қызметі де бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ, жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы «баруға» және «қайтуға» билеттерді бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады», — деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Оның сыртында сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін де көреді.

Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa и MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда оператордың online режімдегі көмегіне жүгінуге болады.

Мәселе туындаған жағдайда «online» режимінде оператордың көмегіне жүгінуге де болады. Порталды қолдау тобының call-орталығы бар және негізінен әлеуметтік желілерде жұмыс істейді.

Портал веб-жобалар үшін замнауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып әзірленген және халықаралық интернет-институттарының стандарттары талаптарына жауап береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.