Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан таеквандодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Шығыс жекпе-жегінен өткен додада өнер көрсеткен Жамбылдық команда қола медалді қанағат тұтты. Бірінші және екінші орынды Иран мен Ресей иеленді.
Фуджейра қаласында өткен әлем чемпионатына 30 елдің сен тұр мен атайын деген командалары қатысып бақ сынады. Осы айтулы сайыста Қазақстандық команда таэкванда техникасының жоғарғы деңгейін, жеңіске деген талпыныстарын көрсетті.
Сондай-ақ, Жамбылдық команда Кот ДиВуара командасынан басым түсіп, ширек финалда Оңтүстік кореяның спортшыларын айқын басымдықпен жеңді. Өкінішке орай, жартылай финалда Ресей құрамасына 4 ұпай жіберіп алып, 3- ші орынды еншіледі.
Атап айтсақ, Ұлттық құрамада сапындағы жерлестеріміз 87 және 58 келі салмақтағы ТарМУ студенттері Руслан Жапаров пен Елдос Ысқақ қола медальмен жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл спортшылар Алтынбек Мусинов пен Нұрлан Есілбаевтың шәкірттері.
Айта кетейік, қазір таэквандо шеберлері 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын жарысқа дайындалып жатыр. Ал келер жылдың көктемінде Англияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Дереккөз: Jambyl TV