Қыстың алғашқы күндері суық атмосфералық ауа ағындарының ауысуына байланысты еліміздің көптеген облысында ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағының солтүстігінде қар жауып, жел мен бұрқасын соқса, оңтүстік өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық ауа ағындарынан кейін суық антициклон ауысып, соған байланысты ауа температурасы төмендейді:
1-2 және 4-5 желтоқсан аралығында батыста, солтүстік-батыста түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус аяз болады;
1-2 және 4-7 желтоқсанда солтүстікте, орталықта және айдың басында елдің шығысында түнде 15-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 10-18 градус аяз болуы ықтимал;
1-3 желтоқсанда оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 8-18 градус, күндіз 2-10 градус аяз;
1-2 желтоқсанда оңтүстік-батыста түнде 2-10 градус аяз болса, күндіз 2-5 градус жылы болуы мүмкін.
Кейін ендік ағындардың басымдығына байланысты ауа температурасы көтеріледі:
Солтүстік өңірде түнде 5-15 градус, күндіз 0-5 градус аяз болады.
Оңтүстікте түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2-3 градус жылы болуы ықтимал.
Республика тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесеінде және айдың аяғында суық ауа райы күтіп тұр. Термометр бағаны солтүстікте 25-35 градус аязды, оңтүстікте 15-25 градус аязды көрсетеді.