2018 жылдың 30 қараша күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Аталған турнирге облыстық әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің, сонымен қатар облыстық комитеттер, департаментер мен басқармалардың мемлекеттік қызметшілерінен жасақталған 26 командадан 250 спортшы қатысты.
Облыстық турнирді өткізудің жалпы үйлестіруін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырды.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды – Талас ауданы әкімдігінің құрама командасы иеленсе, 2 орын – Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті құрама командасына бұйырды. Ал 3 орынды – Мойынқұм ауданы әкімдігінің құрама командасы қанағат тұтты.